№303 учаскеде 100-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді

 автордан  Кеше 2026, 09:08
Кеше 2026, 09:08
131

Астанада орналасқан №303 референдум учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Таңертеңнен бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда. Қазіргі уақытқа дейін шамамен 100-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Учаскелік комиссияның мәліметіне сәйкес, мұнда 2263 азамат тіркелген, ал бюллетень саны – 2285. 

Біз референдум күні сайлау заңнамасына сәйкес таңғы сағат 07:00-де жұмысымызды бастадық. Байқаушылар учаскеге 05:40-тан бастап келе бастады. Ал комиссия мүшелері 05:30-дан бастап дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді сайлау учаскесінің төрағасы.

Сондай-ақ ол дауыс беру басталғаннан бері ешқандай заң бұзушылық орын алмағаны туралы айтты.

Қазіргі уақытта учаскеде 10 бақылаушы отыр.

Қазіргі уақытқа дейін, шамамен екі сағатқа жуық уақыт өтті, ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы сайлау заңнамасына толық сәйкес жүргізіліп жатыр, - деді Батырхан Жұмабай.

Наверх