Қостанай қаласының №2 сотында өзгенің қылмысын жасырып, оның есесіне пара алмақ болған полиция лейтенантына сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ профилактикалық мақсаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін полицияның желілік бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен көрсету процесі жүргізілді.
Сот отырысында пара алғаны үшін, яғни пара берушінің және оның қызметтік өкілеттігіне кіретін өзі өкілдік ететін адамдардың пайдасына заңсыз әрекетсіздігі үшін құқық қорғау органы қызметкерінің елеулі мөлшерде ақша түріндегі жеке өзіне пара алуы бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі).
Сотта анықталғандай, 2024 жылдың қазан айында А. локомотив бригадаларының қызметкерлерінің тепловоздардан дизель отынын ұрлау фактілері туралы ауызша ақпаратқа ие бола отырып, депо бастығының орынбасары Б.-дан бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін депо қызметкерлерін жауапқа тартпау, сол арқылы оларды қылмыстық жауаптылықтан алшақтату арқылы көрсетілген заңсыз әрекетсіздігі үшін ақша түріндегі пара алу туралы қылмыстық ниет білдірген. Азамат Б. пара беруге келіскен, алайда А.-ның талабы заңсыз екенін түсініп, ҰҚК департаментіне өтініш білдірген, - делінген соттың ақпаратында.
2 желтоқсанда жасырын тергеу әрекеттерін іске асыру нәтижесінде А. 300 000 теңге мөлшерінде ақша түріндегі пара алғаннан кейін ұсталды.
Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотта сотталушы А. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген, - деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі.
ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы бойынша параның 50 еседен 60 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде не мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырумен жазалау көзделген.
Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде сот шын жүректен өкіну мен кінәні мойындауын таныды. Ауырлататын мән-жай – өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, - делінген хабарламада.
Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот А.-ға ҚК-нің 55-бабы 3, 6-бөлімдерін қолдана отырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы – 9 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сотталған "полиция лейтенанты" арнайы шенінен айырылды.