Қазақстанның соңғы жаңалықтары

300 мың теңге: Биыл тағы бір сала қызметкерлерінің айлығы өсті

Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2025 жылдың қорытындысы бойынша журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су саласын мамандар үшін тартымды ету мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шараларды іске асырды.

Соның нәтижесінде 2024 жылы “Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25 пайызға өсті. Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы тағы 35-50 пайызға артты, - деді ведомство басшысы.

Қазіргі таңда “Қазсушар” РМК қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы екі есеге жуық өсіп, 300 мың теңгені құрап отыр. Ал төменгі буын қызметкерлерінің орташа жалақысы 92 мың теңгеден 185 мың теңгеге дейін артқан.

Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсарту аясында биыл 425 маусымдық қызметкер тұрақты жұмыс орындарына ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы