Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023-2025 жылдарға арналған жастарды жұмыспен қамту бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жолдауында ең өзекті мәселе - жастарды жұмыспен қамту. 2000 жылдан кейін дүниеге келген жастарымыз бүгінгі таңда еңбек жасына жетіп отыр. Қазір жұмыс күшінің 56 пайызы 1987 жылдан кейін өмірге келген жастар болса, енді 2030 жылға қарай, жалпы жұмыс күшінің дені осы жастардың есебінен болады. Сондықтанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік кодекске жастарды жұмыспен қамтуды мемлекет, жұмыс беруші және жұмысқа тұрушы азаматтың араларындағы жауапкершілік қағидат аясында болмақ, - деді Тамара Дүйсенова орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Дүйсенова жастарды жұмыспен қамтуға арналаған жобамен таныстырды.
Әлеуметтік кодексте біріншіден, жыл сайын 100 мыңнан аса жастарды мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарынан жұмыс беру қарастырылған. Екінші мәселе, егер жастардың кәсіпкерлікке ынтасы болса, 2,5 пайыз жеңілдетілген кредиттер беру. Қазір бұл жобаны қарап жатырмыз. Жәнеде мүмкіндігі шектеулі бірақ кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға берілетін гранттар әрі қарай жалғастырылады. 2023-2025 жылдарға арналған бюджет қаржысында осы мәселелерді қарастыруға 300 млрд жуық қаражат қарастырылған. Аталған жоба Мәжілісте қаралатын болады, - дейді министр.