30 тамызға арналған ауа райы болжамы

30 Тамыз 2020, 08:40
1343
Бөлісу:
30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 30 тамызда антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейіп, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, батыста дауыл тұруы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең жағалауда тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Атырау облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
  
Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы