30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

30 Сәуір 2020, 08:54
1605
Бөлісу:
30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 сәуірде республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда күшті болады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында бұршақ болуы мүмкін.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы