Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (негізінен қар) жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктің таулы аймақтарында және кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Ел аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен соғатын жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -13-15°C.
Алматыда күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, жолдар көктайғақ. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0°C шамасында.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашын, түннің бірінші жартысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +2+4°С.