Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен өтіп жатқан форумда айтты.
«30 Leaders Meetup» форумы өтіп жатыр. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Кеше ғана Тәуелсіздік мерекесін атап өттік. 29 жылдың ішінде еліміз үлкен белестерді бағындырды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шекарамызды бекітіп, болашақ ұрпаққа үлкен сенім беріп, соның ішінде халық болып, ел болып бірігіп жасаған еңбектің нәтижесі екенін айтқым келеді. Соның жалғастырушысы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздік тұғырын ары қарай жалғастырып, болашақ өскелең ұрпаққа бар мүмкіндікті жасауға, еліміздің әрі қарай дамуына үлкен мақсат қойып, болашақ жастардың еңбектеріне жол көрсете білді, - деді ол.Әкімнің орынбасары форумға қатысып жатқан жастардың еңбектері, 30 лидердің ішіне кірудің өзі үлкен жетістік екенін айтты.
Әрқайсысыңыз өз салаларыңызда, бизнес, мәдениет, ғылым, медицина саласында стартаптар жасап жатырсыздар. Кейбірі жас екеніне қарамастан өз жобаларын бизнеске айналдырып, нәтижесін көріп отыр. Еліміздің көк байрақ туын желбіретіп, жоғары белестерге жеткізуге әрдайым сеніміміз болсын. Сеніміміз ортақ. Бағытымыз бір. Мақсатымыз бір. Ел дамуына өз үлестеріңізді қосуларыңызға тілектеспін, - деп атап өтті Бақтияр Мәкен.