30 қазанға арналған ауа райы

30 Қазан 2020, 07:00
1097
Бөлісу:
30 қазанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік пен шығыста, сондай-ақ, көктайғақ күтіледі.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с артады. 

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. 

Тәулік бойы Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с артады. 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. 

Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Алматы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы