Қазақстанның соңғы жаңалықтары

-30 градус аяз, тұман мен көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы ауа райы болжамы

16 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -21…-23°C.

17 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -30…-32°C, күндіз -21…-23°C.

18 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -18…-20°C.

Алматыдағы ауа райы болжамы

16 қаңтар

Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.

17 қаңтар

Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -10…-12°C.

18 қаңтар

Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -8…-10°C.

Бұған дейін 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы