3 жылда Шымкент бюджеті 4 есе артқан

9 Желтоқсан 2021, 12:54
1309
Бөлісу:
3 жылда Шымкент бюджеті 4 есе артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы мегаполис болғалы 3 жылда бюджет көлемі 4 есеге артқан. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2021 жылға бөлінген 497 млрд теңгеге қаражаттың 45 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалған. 

Қала бюджетіне келетін болсақ, мегаполис болғалы бюджет көлемі 4 есеге артты. Жыл басында бекітілген бюджет 388 млрд теңге болса, қазір 497 млрд теңгеге жетті немесе бір жылдың ішінде 109 млрд теңгеге ұлғайды. Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 25 пайызы даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселе шешімін тауып жатыр, - деді ол. 

Әкімнің мәліметінше, соңғы 30 жылда Шымкент қаласындағы халық саны 400 мың адам болған, қазір 1 миллионнан асты. Сәйкесінше, мектеп саны да 3 есе артқан. 

1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 202 мектеп өскелең ұрпаққа білім беріп жатыр. Тәуелсіздік таңы атқанда 68 мың оқушы болса, бүгінде 250 мыңнан аса оқушымыз бар. Мәдениет нысандарының саны 52-ден 120-ға жетіп, спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді, - деп мәлім етті Мұрат Әйтенов.

Өзгелердің жаңалығы