Бұл сұрақ 3 жыл бойы талқыланды – Тоқаев президенттікке кандидаттық туралы

10 Маусым 2019, 19:04
3901
Бөлісу:
Бұл сұрақ 3 жыл бойы талқыланды – Тоқаев президенттікке кандидаттық туралы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордадағы брифинг барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенті ретінде кандидаттыққа шешім қабылданған кезде қандай сезімде болғанын айтты.

«Кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғанда немесе жарияланғанда мен бұл сезімдерді артта қалдырған болатынмын. Себебі бұл сұрақ 3 жыл бойы талқыланып келді», - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев журналистің президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді естіген кездегі сезімі қандай болғанын сұрағанда.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау барысында кандидаттардың барлығына анық мүмкіндіктер жасалғанын айтқан болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің қашан өтетінін айтты. Сондай-ақ, Президент Үкімет отставкаға кетпейтінін, бірақ кадрлық тағайындау болатынын ескертті. Ол билік транзиты жайлы және жас кезінде журналист болғысы келгенін де жасырмады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы қазіргі журналистердің мәртебесіне қатысты пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы