Павлодар облысында 3 жылда 46 мектеп жабылған

27 Тамыз 2019, 11:36
1575
Бөлісу:
Павлодар облысында 3 жылда 46 мектеп жабылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектептердің жабылуына себеп - шағын ауылдардағы тұрғындар санының азаюына байланысты қабылданған шара. 

"Егемен Қазақстан" сайтының жазуына қарағанда, соңғы 3 жыл ішінде оқушылар саны 4-тен 16-ға дейін жететін 46 мектеп жабылған. Бұл Железин ауданының Жаңабет, Жаңабірлік, Славян, Жолтаптық, Абай және Тереңкөл ауданының Благовещенка, Жаңақұрылыс, Май ауданының Абай және тағы басқа мектептер.

"Өңірдегі 362 жалпы білім беретін мектептің 225 шағын мектеп", - деді мұғалімдердің тамыз конференциясында облыс әкімі Болат Бақауов.

Ал, шағын кешенді мектепте бір оқушыны оқыту үшін жылына мемлекет тарапынан 3,8 миллион теңгеге дейін бөлінеді.

"Сондықтан, шағын ауылдардағы оқушылар саны аз негізгі және орта мектептер желісін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда және бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет", - деді Болат Бақауов.

Яғни, өңірдің бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды жою, мектеп теңсіздігін қысқарту қажет. Бұл мақсат үшін тірек ауылдардағы мектептер жұмысын жақсартып, мектеп жанынан интернаттар ашу және жұмыс істеп тұрғандарын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы