3 жолаушыдан COVID-19 анықталды

30 Қаңтар 2021, 11:44
1107
Бөлісу:
3 жолаушыдан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 453 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64;

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 28 қаңтарында анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
Өзгелердің жаңалығы