3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

3 Желтоқсан 2019, 08:52
3788
Бөлісу:
3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болады, сондықтан солтүстікте және солтүстік батыстың басым бөлігінде қар жауады. Тек республиканың батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі, Түркістан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы