3 жасар қыз 3800 жылдық қазынаны тауып алды

2 Сәуір 2025, 20:08
54889
Бөлісу:
3 жасар қыз 3800 жылдық қазынаны тауып алды
Фото: BAQ.KZ - архив

Шетел басылымының мәліметінше осы айдың басында Израильдің оңтүстігінде отбасылық серуен кезінде кішкентай қыз көне қазынаны тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тель-Азек археологиялық қазбаларын аралап жүргенде, Тель-Авивтен оңтүстік-шығысқа қарай 50 миль қашықтықта 3 жасар Зив Ницан 3800 жыл бұрын пайда болған Ханаан қауымдарына тиесілі деп болжанған скарабей амулетін тауып алған. Бұл туралы Израильдің ежелгі ескерткіштер басқармасы, ұлттық табиғат қорғау агенттігі хабарлады. Киелі кітапта маңызды орын алатын Тель-Азек – бұл уақыт өте келе бір-бірінің үстіне салынған қоныстардың қирандыларынан пайда болған төбе.

Ежелгі ескерткіштер басқармасына бала туралы ақпаратты оның әпкесі Омер Ницан жеткізді. Оқиға наурыз айының басында болған.

Біз жаяу жүріп келе жатқанда, Зив еңкейіп, айналасындағы тастардың арасынан дәл осы тасты таңдады. Ол тасты сүртіп, құмнан тазалағанда, біз оның ішінде бірдеңе өзгергенін байқадық,  - деді Омер Ницан.

 Кейін отбасы бұл туралы Ежелгі ескерткіштер басқармасына хабарлады.

Иерусалимдегі Израиль музейінің Египет археологиясы бойынша кураторы Дафна Бен-Тор бұл кішкентай қазынаның орта бронзалық дәуірде, яғни шамамен б.з.д. 2100-1600 жылдар аралығында пайда болғанын анықтады. Осы кезеңде Левант аймағында, қазіргі Сирия мен Ливанның бір бөлігін қамтитын, Шығыс Жерорта теңізімен шектесетін аймақта өркендеген Ханаан мәдениеті пайда болды. Хананилер – бұл аймақта өмір сүрген ерте семиттік халық, олар Киелі кітапта жиі кездеседі.

Ницан тапқан скарабей түріндегі амулет – әшекейленген қоңыз бейнесін қайталайды, - деп хабарлады Израильдің Ежелгі ескерткіштер басқармасы. 

Агенттік бұл кішкентай қазыналар ежелгі Мысырда  "жаңа өмірдің" немесе тіпті  жаратқанның символы ретінде қарастырылғанын атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы