Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысында еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
Ол қазіргі қатаң карантин режимін сақтай отырып, 3 тамыздан бастап рұқсат етілетін нысандардың жұмысы туралы айтты.
Қатаң санитариялық-дезинфекциялық режим нормаларын сақтаған жағдайда, маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекция репродуктивтілігі бірліктен аз болған жағдайда, сондай-ақ апта ішінде төсек-орындардың 70 пайыздан төмені бос болмаса, өлім деңгейі түссе, келесі инфрақұрылымдық нысандардың қызметіне рұқсат етіледі:
- Әр топта 5 адамнан аспайтын балалар коррекциялық орталықтары, үйірмелер, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі білім беру мекемелері кезекші топтарды ашу режимінде;
- Алдын ала жазылып, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары, маникюр және педикюр;
- Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кеңсе қызметкерлері 80/20 пайыз көрсеткішпен жұмыс істеу керек;
- Таза ауада қашықтық сақтай отырып, жеке және топтық жаттығулар жасау;
- Көшелерде, парктерде, саяжайларда 3 адамнан артық емес топпен серуендеуге.
Қоғамдық көліктердің уақыты шектеулі, маска тағу, кондуктор болу, санитарлық нормаларға сай және 50 пайыздан көп адам отырғызбай жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, - деді ол.Министр төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынатынын айтты.
- Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторандар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына әлі де тыйым салу;
- Мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге тыйым салу;
- Бассейндер, фитнес орталықтары, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына тыйым салу;
- Діни нысандардың жұмысына тыйым салу.
Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарынан басқа электр пойыздарының) қозғалысына тыйым салуды сақтау, жалпы вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыру жоспарлануда.