Бүгінгі ауа райы: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

3 Сәуір 2025, 12:22
2476
Бөлісу:
Бүгінгі ауа райы: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: pixabay.com

Еліміз бойынша бүгін, 3 сәуір күні ауа райы құбылмалы болып, өңірлерде әртүрлі метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, бейсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталады. Дегенмен, батыс пен солтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, ал оңтүстік-батыста найзағай ойнауы ықтимал.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, биыл сәуір айы қарлы әрі салқын болуы мүмкін. Бұл көктемгі ауа райының әлі де тұрақсыз екенін көрсетеді.

Негізгі қалалардағы ауа райы:

Астана: Ауа райы ашық, бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура 0...+2°C, күндіз +15–17°C дейін жылынады.

Алматы: Бұлтты күн, жауын-шашынсыз. Түнде +5–7°C, күндіз +21–23°C жылы.

Шымкент: Ауа райы ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +6–8°C, күндіз +24–26°C шамасында жылы ауа райы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы