"Қазгидромет" 3 облыста дауылды ескерту жариялады

29 Тамыз 2019, 16:59
1532
Бөлісу:
"Қазгидромет" 3 облыста дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөөз қызметі.

Синоптиктердің хабарлауынша, 30 тамызда Қостанай облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 30 тамызда найзағай, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде қатты жаңбыр күтіледі.

"30 тамызда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с сақталады", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Шымкент қаласында 30 тамызда түнде және таңертең солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады.

Түркістан қаласында 30 тамызда кей уақытта шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады.

Сонымен қатар, 30 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. 

Өзгелердің жаңалығы