3 наурыз – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

3 Наурыз 2020, 08:16
1505
Бөлісу:
3 наурыз – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурызда ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтары циклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, - делінген "Қазгидромет" РМК мәліметінде.

 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді. Республиканың орталығы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы