3 есе өскен: Алматы әкімі су тарифіне байланысты пікір білдірді

Бөлісу:
3 есе өскен: Алматы әкімі су тарифіне байланысты пікір білдірді
Фото: архив

Жетісу ауданының зейнеткері қала әкімне қаңтар айында судың тарифі үш есе қымбаттағына айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мен Хожамьяров көшесінде тұрамын. Менің зейнетақымның өзі бар болғаны 90 мың теңге. Желтоқсанда 2600 теңге төлеген болсам, қаңтарда тариф үш есе өсті. Қазір 9 мың теңгеден астам есепшот келген. Бұл тарифтің көтерілу себебін түсіндіріңізші? Бұлай қымбаттай берсе азық-түлікке ақша қалмайды,- деді қала тұрғыны.

Алматы қаласының әкімі судың тарифтері күрт өспегенін мәлімдеді.

Біз тұтыну көлеміне қарай саралау жасадық. Шоттар реттеледі, адам басына қанша қажет екенін есептедік, тұтыну нормаларын өзгерттік, соның нәтижесінде өзгерістер болды. Біз Алматыда суды үнемдеп пайдалануға мұқият қарағанын қалаймыз. Бізде бұл мәселе әлі де бар және одан қаша алған жоқпыз, сондықтан ұтымды, үнемді, қажеттілігіне қарай пайдаланатын адамдар және біз бір адамға қойған нормалар олар барлық нәрсені қанағаттандырады, яғни ешқандай шектеулер жоқ. Бірақ бақтар ауыз сумен суарылмау керек. Су - біздің басты байлығымыз... Біз қосымша мүмкіндіктерді, су орындарын іздеумен айналысып жатырмыз,- деді қала әкімі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы ипподромының болашағы туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы