3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

3 Қаңтар 2020, 09:05
2471
Бөлісу:
3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 3 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.


Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде баяу бұрқасын соғып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.



Өзгелердің жаңалығы