3-4 жасар балаларға сабақ оқытылмайды. Аймағамбетов жаңа модель туралы айтты

1 Қараша 2022, 10:33
4896
Бөлісу:
3-4 жасар балаларға сабақ оқытылмайды. Аймағамбетов жаңа модель туралы айтты

Білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұжырымыдамада стратегиялық және бағдарламалық белгіленген басымдықтар, Мелекет басшысының тапсырмалары толық қамтылды. Біз түрлі халықаралық талдаулардың нәтижелерін ескере отырып, сарапшылар мен педагогогикалық қауымдастықпен барлық мәселені талқылап, тиісті ұсыныстарды қамтыдық, – деді министр.

Министрдің айтуынша, тұжырымдамада 6 бағыт 17 индикатор және 109 іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр.

Оның негізгі бағыттарының бірі балаларды – ерте дамыту. Білім саласының ең маңызды деңгейі ол - балабақша. Зерттеуге сәйкес, баланы эмоционалды, әлеуметтік, физиологиялық дамуында балабақшалардың әсері орасан зор. Сол себепті балаларды дамытудың жаңа моделі енгіліп жатыр. Оның ішінде бағдарлама да, оқыту әдістері де түбегейлі өзгеріп жатыр, – деді Аймағамбетов.

Ведомства басшысының атап өтуінше, мұның алдындағы бағдарлама тым академиялық болып, 3-4 жасар балаларды отырғызып қойып 20 минут сабақ оқытылса, енді халықаралық зерттеуге сай, олардың сабақтары жас ерекшеліктеріне байланысты ойын арқылы жүргілізілмек.

Ойын – баланың жаны мен тәніне сай келетін табиғи әрекет. Бала сол арқылы қоршаған ортаны зерттеп, оны тани отырып, қажетті дағдыларын дамытады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы