29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

29 Желтоқсан 2019, 09:02
2634
Бөлісу:
29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 29 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынады.

Әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. 

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының күндіз Жарминский ауылында жел 25 м/с күшейюі күтіледі, - делінген хабарламада.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Сондай-ақ, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ал Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы