29 сәуір – Халықаралық би күні

29 Сәуір 2024, 16:51
319
Бөлісу:
29 сәуір – Халықаралық би күні
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Би өнеріне арналған атаулы күн 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мерекенің 29 сәуірге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні француз балет бишісі, теоретигі, балет өнерінде реформа жасаған «заманауи бидің әкесі» Жан-Жорже Новерре дүниеге келген. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі. 

Халықаралық би күні қарсаңында Латвияда XVII халықаралық хореографиялық байқау өтті. Байқауда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі әртістері «Халық биі» және «Хореограф» номинациялары бойынша лауреат атанды. 

Байқау 25-28 сәуір аралығында Рига қаласында өтті. Оған АҚШ, Латвия, Эстония, Литва, Германия, Аустралия, Испания, Грекия, Грузия, Жапония, Словения және Қазақстан сияқты әлемнің 12 елінің бишілері қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы