Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Қазақстанда 12 533 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 6 694,
Алматы қаласында - 1 421,
Шымкент қаласында - 74,
Ақмола облысында - 330,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 447,
Атырау облысында - 402,
Шығыс Қазақстан облысында - 289,
Жамбыл облысында – 59,
Батыс Қазақстан облысында - 82,
Қарағанды облысында - 1 201,
Қостанай облысында - 202,
Қызылорда облысында - 300,
Маңғыстау облысында - 161,
Павлодар облысында - 542,
Солтүстік Қазақстан облысында - 36,
Түркістан облысында - 293.
Елімізде барлығы 1 045 172 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинация
2022 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 176 124 адам, 2 - ші компонентін 8 745 143 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
2022 жылғы 28 қаңтардағы «Pfizer» вакцинасының
I-ші дозасын 616 466 адам,
ІІ-ші дозасын 325 194 адам салдырды. Оның ішінде:
І-ші компонентімен
Жасөспірімдер – 502 417
Жүкті әйелдер – 25 465,
Бала емізетін әйелдер – 79 132.
ІІ-ші компанентімен
Жасөспірімдер – 264 701,
Жүкті әйелдер – 15 709,
Бала емізетін әйелдер – 44 773.
381 адамның жағдайы ауыр
29 қаңтардағы мәлімет бойынша 159 472 адам коронавирус инфекциясынан 158 140 КВИ+ және 1 332 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
10 161 пациент стационарда,
149 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
381 адамның жағдайы ауыр,
166 пациенттің жағдайы өте ауыр,
98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Матрица
2022 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта :
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.