29 наурызда Мәжіліс отырысы өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 27 Наурыз 2023 2023, 17:02
27 Наурыз 2023 2023, 17:02
1727

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                  Қ.Тоқаев 

Наверх