283 мыңнан астам бала мен жасөспірім үйірмелерге тегін қатысады – Ақтоты Райымқұлова

22 Желтоқсан 2021, 13:05
1282
Бөлісу:
283 мыңнан астам бала мен жасөспірім үйірмелерге тегін қатысады – Ақтоты Райымқұлова
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 283 мыңнан астам жасөспірім секциялар мен үйірмелерге тегін қатысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова брифингте хабарлады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бойынша барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, арнайы Artsport.edu.kz. порталы құрылды.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру 2021 жылғы 1 мамырдан басталды. Бүгінгі таңда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 283 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер секциялар мен үйірмелерге тегін қатысады, оның ішінде спорт бойынша 150 мыңға жуық адам, шығармашылық бойынша – 133 мыңнан астам адам, - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, биыл алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі енгізілген.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы тапсырманы орындау үшін мәдениет, спорт және дене шынықтыру мәселелері жөніндегі заңдарға түзетулер енгізілді. Оның шеңберінде балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі алғаш рет енгізілді, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы