Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өтеді.
Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де жазды.
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді, - деді Байбек.