27 жылда АҚШ Қазақстан экономикасына 47 млрд доллар құйды

1 Шілде 2019, 20:36
3119
Бөлісу:
27 жылда АҚШ Қазақстан экономикасына 47 млрд доллар құйды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жеке шақыруы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды.

АҚШ Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктестерінің бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік капитал салымдарының жалпы қоржынында тікелей американдық инвестициялардың үлесі 22%-ға жетіп, 5,3 млрд. АҚШ. долларын құрады. Тәуелсіздік жылдары америкалық бизнес Қазақстан экономикасына шамамен 47 млрд. АҚШ долларын құйды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда америкалық компаниялардың 160-қа жуық өкілдігі және Қазақстан-американдық бірлескен 350-ден астам кәсіпорны жұмыс істейді.

Соңғы жылдары Қазақстанға Primus Power, Spancrete, Uber, "Starbucks", McDonalds және Netflix сияқты америкалық компаниялар кірді.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында СІМ алаңында «Бәсекеге қабілетті Қазақстан! 3-ші жыл сайынғы қазақстандық-американдық бизнес-форумы өтті. Оған сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т. б. министрліктерінің басшылары, сондай-ақ 28 ірі америкалық компанияның, оның ішінде Coca Cola, Gilead, HP, Microsoft, Valley Irrigation және т. б. басшылары қатысты.

Бұл диалог алаңда қатысушыларға ҚР Үкіметінің елдегі іскерлік ортаны одан әрі жақсарту бойынша шараларымен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс жөніндегі бірыңғай экожүйені құру бойынша шараларымен, сондай-ақ отандық экономиканы жаңғырту, әртараптандыру және цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысымен танысуға мүмкіндік берілді.

Америкалық инвесторлар тау-кен өнеркәсібі, машина құрастыру, өндіруші өнеркәсіп және т.б. салаларда бірқатар жобаларды іске асырды.

Chevron компаниясы Атырау облысында еуропалық технология бойынша құбыр арматурасын өндіру жобасын іске асырды. Зауыт ұзақ уақыт қызмет ету ерекшелігі бар ілмекті арматураны өндіреді.

Нұр-Сұлтанда General Electric Transportation компаниясының қатысуымен аз отын жұмсайтын және жоғары экологиялық таза GE Evolution заманауи локомотив өндіретін зауыт құрылды. Зауыттың іске қосылуы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің жаңа бағытын ашты және инновациялық тауарды Орталық Азия елдеріне шеткізуге мүмкіндік ашты.

Қазіргі уақытта ҚР СІМ Инвестиция комитеті «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, Қазақстан үшін маңызды аграрлық өңдеу, фармацевтика өнеркәсібі, ЖҮК сияқты экономика секторларында американдық капиталдың қатысуымен шамамен 20 әлеуетті жобаны пысықтауда.

Өзгелердің жаңалығы