Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсалық сақтау министрлігі 25 желтоқсан күнгі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты ақпаратты жариялады.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелді
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 986 199 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 65, Алматы қаласында - 41, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 48, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 10, Атырау облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 8, Қарағанды облысында - 51, Қостанай облысында - 17, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 44, Солтүстік Қазақстан облысында - 35, Түркістан облысында - 1.
Қазақстанда 422 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында - 75, Алматы қаласында - 25, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 59, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 20, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 23, Жамбыл облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 124, Қостанай облысында - 63, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 14, Түркістан облысында - 1. Елімізде барлығы 957 689 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Екпе алғандар
2021 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 947 986 адам, 2 - ші компонентін 8 459 231 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат. 2021 жылғы 26 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының ️ I-ші дозасын 288 049 адам, ️ ІІ-ші дозасын 99 482 адам салдырды.
Оның ішінде: І-ші компонентімен
Жасөспірімдер – 230 986,
Жүкті әйелдер – 16 483,
Бала емізетін әйелдер – 40 562.
ІІ-ші компанентімен
Жасөспірімдер – 80 176,
Жүкті әйелдер – 5 451,
Бала емізетін әйелдер – 13 853.
71 пациенттің жағдайы өте ауыр
Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы ақпарат 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан (–15 533+ және 2 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 813 пациент стационарда, 14 806 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 225 адамның жағдайы ауыр, • 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
27 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
«Қызыл» аймақта:
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.