27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

27 Шілде 2022, 08:00
1791
Бөлісу:
27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміз бойынша 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі,

Республикада жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Өзгелердің жаңалығы