Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Тек республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде бұршақ күіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбылской облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарның кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.