Қазақстанның соңғы жаңалықтары

27 сәуірден бастап "Семей – Астана – Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

26 Сәуір 2025, 08:35
526
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

Биылғы жылдың 27 сәуірінен бастап "Южное небо" әуе компаниясы "Семей – Астана – Семей" бағытында жаңа әуе рейсін ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.

10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

"Алматы – Семей – Алматы" – аптасына үш рет, "Астана – Семей – Астана" – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап "FlyArystan" әуе компаниясы "Шымкент – Семей – Шымкент" жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап "Скат" әуекомпаниясы "Алматы – Үржар – Алматы", "Астана – Үржар – Астана" рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

Өзгелердің жаңалығы