"27 адам суға кетті". Министр суға шомылам дегендерге ескерту жасады

18 Маусым 2024, 11:05
2159
Бөлісу:
"27 адам суға кетті". Министр суға шомылам дегендерге ескерту жасады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы жылдың басынан бастап
45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті. Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылданған шаралары өзінің нәтижесін көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды. Қазіргі таңда су айдындарында министрліктің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз, – дейді Әрінов үкімет отырысында.

Министрлік жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар қояды. 

Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Атап айтқанда, министрліктің құтқарушылары жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы 24 адамды құтқарды. Құтқару бөлімшелерін жабдықтауға қатысты проблемалар бар, қолда бар қайықтардың көбі жарамсыз күйде қалып отыр. Қазіргі уақытта заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алудамыз. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жүргізілуде, – деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы