27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

27 Ақпан 2020, 08:07
1308
Бөлісу:
27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында қатты (жаңбыр, қар), жауын-шашын болады,

Тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел, көктайғақ, қарлы боран, күндіз оңтүстікте күн күркірейді.

Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, түнде желдің күші 15-20 м / с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, көбінесе жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, түнде жел күшейеді, күндіз 15-20 м/с-ке дейін.

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қар жауады, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

 Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, түнде және таңертең Шығыс Қазақстанда.

Маңғыстауда, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Өзгелердің жаңалығы