266 шақырым жол салу үшін бес жыл өте ұзақ мерзім – Сапарбаев

22 Сәуір 2020, 08:33
2403
Бөлісу:
266 шақырым жол салу үшін бес жыл өте ұзақ мерзім – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі – Бурылбайтал республикалық автожолының құрылысын 2021 жылы аяқтауды тапсырды.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте айтылған. Жиын барысында «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының директоры Өмірзақ ағымдағы жылы Меркі – Бурылбайтал республикалық автожолының бір бағыты бойынша құрылысы аяқталатынын хабарлаған. Ал жол құрылысы толығымен 2022 жылы тапсырылуы тиіс.

Ұзындығы 266 шақырым жол салу үшін бес жыл деген өте ұзақ мерзім. Бұл жолды 2021 жылы аяқтау керек. Ең бастысы, құрылыс барысында қаржыны уақытылы игеру, жоғары сапаға мән беру, жергілікті материалдарды пайдалану, жұмыс орындарын құру және жұмысшылардың жалақысын кідіріссіз төлеп отыру, - деді аймақ басшысы.

Басқосуда облыс орталығындағы жолдардың жайы да назарға алынды. Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте Абай мен Қойгелді көшелерін ретке келтіруді тапсырды.

Бұл жөнінде сөз алған энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров Абай көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін, Қойгелді көшесіндегі жұмыстар 20 мамырға дейін аяқталатынын айтты.



Өзгелердің жаңалығы