Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Электрондық теміржол билеттерін брондау бойынша бірыңғай Күту парағы енгізілген кезден бастап осы жылдың үш айында жаңа қызметті 265 мыңнан астам қазақстандық пайдаланды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Толықтай алғанда 2019 жылдың 8 айында шамамен 12,1 млн электронды теміржол билеті сатылды. Ал bilet.railways.kz сайты арқылы 2,7 млн электрондық билет сатуға шығарылды.
"Бірыңғай "Күту парағы" қажетті билет жоқ кезде жолаушыға электрондық кезекке тұруға мүмкіндік беретіні белгілі. Бос орындар пайда болған кезде жүйе жолаушының электрондық поштасына хабарлап ақпараттандырады және билетті сатып алуға екі сағат уақыт береді. Егер билет дер кезінде сатып алынбаса, онда ол жүйеге қайта түсіп, сатып алу мүмкіндігі тізімдегі келесі күтіп отырған адамға ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Жаңа жүйе сатып алып сатушылар қолдан жасайтын жолжүру құжаттарының тапшылығын төмендетуге ықпал етеді.