26 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы екпе алды – Денсаулық сақтау министрі

23 Қараша 2021, 09:57
1331
Бөлісу:
26 мыңнан астам бала коронавирусқа қарсы екпе алды – Денсаулық сақтау министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.

І компонентті 8,7 млн адам салдырған, бұл вакцинациялануы тиісті ересек халықтың 76%-ы немесе жалпы халық санының 46%-ын құрайды. Ал І компонентті 7,9 млн адам алған, бұл тиісті халықтың 70%-ы немесе жалпы халық санының 42,2%-ына тең, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ведомство басшысы балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдердің вакцинациясына тоқталды.

Елімізге 645 мың доза Comirnaty (Pfizer) вакцинасы жеткізілді. Бүгінде вакцинациялануы тиіс 35 012 адам екпе салдырды. Олардың ішінде, 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйел. Вакцинаны апта сайын әкелу жалғасып жатыр, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы