26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту жоспарлануда

4 Ақпан 2021, 06:36
1376
Бөлісу:
26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар қолға алынбақ. 2021 жылы 26 мыңға жуық тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы 19 нысанның (17 елді мекен) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық тұрғын (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,7%-дан - 95,6%-ға өсті.

Қазіргі таңда қалада 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 5 елдімекен кесте бойынша (Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап), 7 елдімекен тасымалды ауыз суды пайдалануда (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас, Асар-2).

Биыл 9 елдімекенде құрылыс жұмыстары (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңа Тұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Сәуле) жүргізіледі. Аталған елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Жыл қорытындысы бойынша қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға өседі. Сонымен қатар, 3 магистральды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Жалпы 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік бөлігінің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Сайрам су» жаңа ауыз су көзінің және 22 шақырым магистральды суаққының құрылысын жүргізу жоспарда.

Өзгелердің жаңалығы