26 мамырда елорда көшелерінің бір бөлігі жабылады 

23 Мамыр 2019, 22:53
1844
Бөлісу:
26 мамырда елорда көшелерінің бір бөлігі жабылады  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық марафонын өткізу кезінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

"BI Marathon – BI Group компаниясы ұйымдастыратын жыл сайынғы әуесқой жүгіру. Төрт жыл бойы компания спортты және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. BI Marathon корпоративтік дәрежесінен халықаралық мәртебеге ие болды. Биыл ол сертификаттаудан өтіп, жаппай жүгірудің әлемдік деңгейіне шықты. Елордаға 26 елден 7500 спортшы және 3000-ға жуық қонақ жиналады. IV қайырымдылық BI Marathon 26 мамырда сағат 7:00-де ашылады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Ал 800-ге жуық бала бақ сынайтын (2 және 5 шақырым) жарыс Триатлон саябақта сағат 10:00-де басталады. 24 және 25 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін «Сарыарқа» СОО-да старт пакеттері беріледі. 

Балалар жарысына арналған старттық пакеттерді  25 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Триатлон саябағынан алуға болады. Айта кетейік, балалар жүгірісі мен негізгі марафон ойын-сауық бағдарламаларымен сүйемелденеді, ал 26 мамырда жүгірушілер бағытының барлық жолында музыканттар қолдау көрсетеді.
Өзгелердің жаңалығы