26 мамырда Алматыда ауа ластануы мүмкін

26 Мамыр 2022, 04:42
1091
Бөлісу:
26 мамырда Алматыда ауа ластануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 26 мамырда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы