Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде республиканың солтүстік, орталық және шығыс аумақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Кей жерде қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, шығыста – жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі.