+25°С: Наурыз мерекесінде күн жылы болады

Ал Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 12:18
Бүгiн 2026, 12:18
185
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Болжамға сәйкес, кей күндері Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Ал еліміздің оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды деп күтілуде.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлады синоптиктер.

Ауа температурасы күндіз Қазақстанның батысында 12-17 градусқа дейін, Маңғыстау облысында 18-23 градусқа дейін, республиканың солтүстігі мен орталығында 3-8 градусқа дейін, Ұлытау облысында 15-20 градусқа дейін жылынады.

Еліміздің шығысында 5-15 градусқа дейін, оңтүстігінде 20-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында 15-23 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжамын жариялады. 

Наверх