25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

24 Қаңтар 2020, 15:16
2145
Бөлісу:
25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Бір циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар, кей жерлерде қатты қар, көріну қашықтығын 50...200м-ге дейін нашарлататын бұрқасын, сондай-ақ дауылды жел күтіледі.

Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болжанады.

Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа мәннен 4...10°С жоғары болады.

Өзгелердің жаңалығы