Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай және жаңбыр күтіледі, солтүстік облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау, түнде және таңертең Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылордада, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.