Алматылық "Қайрат" Лондонның "Арсеналына" жол беріп, Чемпиондар лигасының осы маусымдағы додасын турнир кестесінің ең соңғы сатысында аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы кезеңнің сегізінші, соңғы турындағы кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ағылшын клубы сапында Виктор Дьекереш 3-минутта есеп ашса, Кай Хаверц 15-минутта гол соқты. Ал 36-минутта Габриэл Мартинелли екінші голдың авторы атанды.
"Қайраттың" алғашқы голын 7-минутта пенальтиді сәтті орындаған Жоржинью автор атанды. Қонақтардың екінші добы қосымша уақытта соғылды — 90+3 минутта Рикардиньо дәл соққы жасады.
Жалпы кезең нәтижесінде алматылық ұжым бар болғаны бір ұпай еншілеп, 36-орынға жайғасты. Дәл осындай ұпай "Вильярреалда" да бар, алайда доп айырмасы жақсы болғандықтан, испаниялық клуб кестеде жоғары тұр.
Ал "Арсенал" жалпы кезеңдегі сегіз матчтың барлығында жеңіске жетіп, бірінші орынмен тікелей Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.