Қазақстанның соңғы жаңалықтары

23 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

23 Қараша 2022, 06:18
1541
Бөлісу:

Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, Қазақстан Республикасының шығысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.

Өзгелердің жаңалығы