23 наурызда күн ашық болады - Қазгидромет

23 наурызда күн ашық болады - Қазгидромет
677

Қазгидромет синоптиктері 23 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы