Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болады. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең солтүстігінде және өңірдің таулы аудандарында тұман болады. Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 15-20 м/с артады. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман болжанады.Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін солтүстік, орталық және шығыс өңірде қар жауып, көктайғақ күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде тұман, екпінді жел болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
23 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Өзгелердің жаңалығы